352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да дәрігерлер тапшылығы байқалып отыр

  • 190

Батыс Қазақстан облысында дәрігерлер тапшы. Бүгінде 215 маманның орны бос тұр.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті жанындағы мониторингтік топтың кезекті отырысында медициналық қызмет көрсету сапасы мен дәрі-дәрмекпен қамту жайы сөз болды. Бұған дейін топ мүшелері 4 аудан мен облыс орталығындағы емдеу мекемелерінде болып әлеуметтік желі қолданушыларының ой-пікірін зерттеген еді. Қазір емханаларда электронды кезек пен денсаулық төлқұжаты енгізілген. Алайда халықтың наразылығын тудыратын күрделі мәселелер әлі де бар.

Виталий Колпаков, науқастарды қолдау қоғамының үйлестірушісі:

- Әсіресе дәрі-дәрмекпен қамтуға қатысты арыз-шағымдар көп болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әрбір науқаспен жеке жұмыс жүргізуі нәтижесінде наразылық азайды. Дегенмен, назар аударатын жайттар жетерлік. Біз сол себепті мониторингті жыл аяғына дейін ұзарттық. Тамыз айында емханаларда анкеталық зерттеу жүргізбекпіз. Сонда елді толғандыратын өзекті мәселелерді әлі де терең білетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы