356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы инвесторлар құқығын қорғау жөнінен келісім жасалды

  • 186

Ақтаудағы Ұлттық бюро департаменті 10 инвестормен әріптестік келісімге келді.

Тамыздың соңына дейін тағы бірнеше отандық және шетелдік кәсіпорын басшылары меморандумға қол қояды. Енді өкілетті орган өңір әлеуетінің дамуына қаржы құюшы компаниялардың да мүддесін қорғайды. Дәлірек айтсақ, кәсіпкерлік жобаның әкімшілік кедергісіз тез арада жүзеге асуын бақылап отырады.

Айта кетейік, бұл бастама Елбасы Жолдауындағы нақты тапсырманы орындау мақсатында барлық өңірлерде қолға алынған. 

Нұргүл Жанназарова, ҚР МҚСЖҚІА өңірлік департаментінің басшысы:

- Инвестор бұл жоба аясында тікелей заңнама сәйкес мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қызметтерді алып отырады. Бірақ кездесіп қалатын әкімшілік кедергілер немесе қолайсыздықтар болып жатса арнайы «front office» жанындағы мамандар көмегімен тезірек шешілуіне біз барынша ықпал жасаймыз.

Инаят Тұрсынов, шетелдік инвестор өкілі:

- Жаңа жоба облыстың инвестициялық ахуалының жақсаруына жол ашарына сенеміз. Игі бастама жөнінде естіген әріптестеріміздің Қазақстанға деген қызығушылығы артары сөзсіз. Үндістандық инвестор ретінде Маңғыстау өңіріне 1,6 млрд доллар инвестиция салдық. Қазіргі таңда 6 ірі жобаны жүзеге асыруға жұмыстанып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы