352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында кеншілердің астан улану фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 185

Бұған дейін Лисаков қаласындағы Краснооктябрь боксит кен басқармасының жұмысшылары жаппай астан ұшынып, ауруханаға түскенін хабарлаған едік.

Астан ұшынып, ауруханаға жатқызылған кеншілер жайлы ақпарат 24 шілдеде белгілі болса, аз күнде олардың саны 45-ке жетті. Науқастардың бәрінен іш өту, лоқсып, құсу, басы айналу тәрізді сырқат белгілері білінген. Оларға алғашында «асқазан-ішек жолдарының жедел қабынуы» деген ортақ диазноз қойылды.

Емдеу мекемелеріне жеткізілгендердің 26-сынан зертханалық тексеріс барысында сальмонелла бактериялары табылды. Қалған 19-ының да клиникалық жағдайда осы ауруды жұқтырғаны мәлім болды. Тексеріс індеттің таралуына асхана қызметкерлерінің қатысы бар екенін көрсетті. Өйткені медициналық сараптамадан өткен қоғамдық тамақтану орнының 13 қызметкерінің үшеуінен бактерия таяқшалары табылған.

Юрий Севостьянов, облыстық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Егер тағам әзірлеу кезінде барлық санитарлық-гигиеналық талаптар толық сақталса, мұндай келеңсіз жағдайға ұрынбаған болар едік. Қазіргі сәтте құқық қорғау органы өкілдері қылмыстық тексеру жүргізіп жатыр.

Қазіргі сәтте кеселге шалдыққан 45 кеншінің 40-ы үйіне жіберілді. Ал бес жұмысшы әлі күнге дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, кеншілердің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Сырқатынан айығып келеді.

Авторлары: Абылай Мауданов, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы