361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында спорттық нысан салынып жатыр

  • 135

Түркістан облысының Бәйдібек ауданы даңқты спортшылардан кенде емес.

Биылдың өзінде ауданнан шыққан 40-қа жуық спортшы облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардан алғашқы үштіктен көрініп, кейбіреуі чемпион да атанған. Бәйге төбеден көрінген сайыпқырандарға қолдау көрсету және спорт саласын дамыту мақсатында жеке инвесторлар есебінен аудан орталығы Шаян елді мекенінен жалпы құны 1,3 миллиард теңгеге спорттық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Онда жабық жүзу бассейіні, жабық теннис корты және ашық спорттық алаңдар бой көтереді. Бәйдібек өңірінде қазіргі таңда бір спорттық кешен, балалар мен жасөспірімдерге арналған бес спорт мектебі жұмыс жасайды. Мұнда шынығатындар еркін күрес, қазақша күрес, грек-рим күресі, дзюдо, волейбол, тоғызқұмалақ, теннис, футбол, баскетбол, бокс спорт түрлерінен дәріс алады.

Жандарбек Сұлтанбеков, Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет, қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Тамыз айының соңына қарай теннис корты мен ашық спорт алаңы пайдалануға беріледі. Ал жүзу бассейнін қазан айында беру жоспарланып отыр. Жүзу кешенінде бір ауысымда 32 бала жаттығуға болады. Теннис кортында 6-8 жерге теннис үстелдерін қойып, ойнауға болады. Үлкен теннис алаңында пайдалануға болады.

Хабар 24 телеарнасы