359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде кедергілерге тап болған кәсіпкерлерге арнайы мекеме мамандары көмектеседі

  • 133
Елімізде кедергілерге тап болған кәсіпкерлерге арнайы мекеме мамандары көмектеседі

Еліміздің үш аймағында іске қосылған «Protecting business and investments» жобалық кеңсесімен қазақстандық және шетелдік қырыққа тарта кәсіпкер келісім жасасты.

Енді олар бюрократиялық, салықтық немесе басқа да кедергілерге тап болған жағдайда, арнайы мекеме мамандарының көмегіне жүгіне алады. Кәсіпкерлер тарапынан жиі көтерілетін мәселе – жер теліміне қолжетімсіздік. Осындай жағдаймен бүгін бас қаладағы жобалық кеңсеге шетелдік компанияның өкілі келді. Қабылдауда оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан қолдау көрсетілетіні айтылды. Сондай-ақ жобалық кеңсемен шарт жасасу ұсынылды. Ал жер мәселесі өзге орган өкілдерімен өтетін үйлестіру кеңесінде қарастырылады.

Олжас Бектенов, ҚР МҚІСЖҚ іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Кез келген бизнесмен шетелдік болсын отандастарымыз болсын жобалық кеңсеге жүгініп, адал жұмыс жасаймын десе, біздің экономикамызға ақша салып, адал, жемқорлықсыз жұмыс жасаймын десе, кез келгеніне қолдау көрсетуге дайынбыз.

Нұрлан Боранбаев, шетелдік холдинг өкілі:

- Қазақстан нарығында жұмыс істеуге қызығушылығымыз жоғары. Осында заңды өкілдікті аштық. Алдағы уақытта елордада 36 гектар аумаққа тұрғын үй кешенін салу жоспарда бар. Бюррократиялық тұрғыда мәселелер кездеседі. Сондықтан осы мекемемен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз. Қазақстан экономикасына құятын инвестиция 500 миллион долларға жуықтайды.

Хабар 24 телеарнасы