356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО кәсіпкерлері халыққа үздік тауарларын ұсынды

  • 110
СҚО кәсіпкерлері халыққа үздік тауарларын ұсынды

Солтүстік Қазақстан облысының үздік тауары анықталды.

Дәстүрлі байқауға биыл өңірден барлығы 50-ден астам кәсіпкер қатысып, жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды. «Бұл өткен жылдағылармен салыстырғанда, біршама көп», – дейді ұйымдастырушылар. Көрмеге азық-түлік, киім-кешек, жиһаз, өндірістік тауарлар мен қолөнер бұйымдары қойылды. Биылғы шараға өз ісін енді бастағандар да қатысты. Ал қазылар алқасы тауарларды үш аталым бойынша сараптап, 9 жеңімпазды таңдады. Осылайша, олар республикалық кезеңге жолдама алды.

Жомарт Құсайынов, кәсіпкер:

– Алғаш рет осындай шараға қатысып жатырмыз. Біз Қазақстанда өндірілген былғарыны пайдаланамыз.

Дархан Қалиев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Арасында «Бастау» жобасының түлектері бар. Біз бүгінгі таңда 150 жобаны қаржыландырдық. Олар – ұлттық тағамдар және ұлттық өнімдерді шығаратын жобалар.

Хабар 24 телеарнасы