352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-ның жедел жәрдем қызметі реанимобильдермен толықты

  • 119

Батыс Қазақстан облысының жедел жәрдем қызметінің автопаркі соңғы үлгідегі реанимобильдермен толықты.

Онда шалғай ауылдардан науқастарды тасымалдау кезінде көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық құрылғылардың бәрі бар. Көлік ішіне көп функционалды креслолар орнатылған. Сонымен қатар ыстық және суық судың болуы да дәрігерлер үшін қолайлы жағдай тудырмақ. Бүгінгі таңда жедел жәрдем қызметіне күніне 600-дей шақырту түседі. Тәулік бойы 25 бригада кезекшілік етеді. Автомобиль паркі де үнемі жаңартылу үстінде. Мәселен, өткен жылы 9 жаңа газель көлігі алынды. Қазір стансада 77 көлік бар. Олар планшеттермен жабдықталып, ситуациялық орталықпен байланыс орнатқан. Жедел жәрдем бекеті әрбір қалалық емханалардың жанынан құрылған.

Тимур Ғапшәкіров, реаниматолог:

– Қазіргі таңда келген көлік толық түрде мамандандырылған аппараттармен жабдықталған. Оның ішінде өкпені жасанды тыныстандару аппараты және тұрақты түрде оттегімен қамтамасыз ету қызметі бар.

Гүлнәр Жұмағалиева, облыстық жедел жәрдем стансасы дриекторының орынбасары

– Алыста орналасқан ауылдардан өте ауыр халде жатқан науқастарды жеткізуге өте қолайлы. Және стационарлық көмек көрсетуге өте ыңғайлы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы