352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада газдандыру жұмысы қарқын алды

  • 175
Қызылордада газдандыру жұмысы қарқын алды

Сырбойылықтарды қолжетімді баспанамен қамту мақсатында өңірде «Орда» бағдарламасы әзірленді.

Жобаның басты ерекшелігі, тұрғындар алғашқы жарна төлемейді. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды бақылау бойынша қоғамдық кеңес өкілдері аймақта салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты. «7-20-25» бағдарламасы аясында алғашқы кезекте 604 пәтер табысталады. Кеңес мүшелері тың бағдарламаны жүйелі әрі сапалы жүзеге асыруда жергілікті әкімдік пен екінші деңгейлі банктерді тізе қосып, жұмыла, жылдам жұмыс жасауға шақырды. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының 5-бағыты бойынша алғашқы кезекте тұрған Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана газ магистралінің құрылысы қарқын алмақ. Қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Жұмағұлов бастаған жұмыс тобы елордаға көгілдір отын жеткізетін магистральдің қақпасы саналатын «Қараөзек» жоғары технологиялық газ компрессорлық стансаның қуаттылығына көз жеткізді. Сыр бойы мен Арқа төрін мың 81 шақырымдық құбыр жалғайтын болады. Сондай-ақ 5 әлеуметтік бастаманы іске асыру туралы орталық атқарушы органдардың басшылары жоспарланған шаралар жөнінде баяндады.  

Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры:

– Елбасы тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың аяғына дейін жоба құрылысын аяқтау қажет. Қазірде жоба-сметалық құжат жасалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Тамыз ішінде қорытынды шешім шығарылып, мердігер мекемелер таңдалып, қазан айында құрылыс қарқын алады. 2020 жылы құбыр бойындағы елді мекендерді көгілдір отынға қосамыз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы