369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында Ұлы дала этнофестивалі жалғасуда

  • 187
Павлодар облысында Ұлы дала этнофестивалі жалғасуда

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Ертіс-Баян өңірінде Ұлы дала этнофестивалі жалғасып жатыр.

Биылғы шара мерейтойлары тойланып жатқан Сұлтанмахмұт Торайғыров, Естай Беркімбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұса Шорманов сынды асылдардың рухына арналып отыр. Осымен үшінші мәрте ұйымдастырған кең ауқымды фестивальға облыстың бүкіл аудандары, қалалары, жоғары оқу орындары мен мекемелер, өндіріс ошақтары атсалысқан. Меймандар алты мемлекеттен – Қытай, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен шақырылып, 70-тен астам делегат алыс-жақын шетелден келіп отыр. Жүз шақты киіз үй тігіліп, түрлі көріністер көрсетіліп жатыр. Қоянды жәрмеңкесі, «Ұлы дәуір» кітап көрмесі өтеді. Парашютшілер шашуы, Қазақстан эстарада жұлдыздарының концерті көпшілік назарына ұсынылады.

Думаш Ақатаев, Лебяжі ауданының тұрғыны:

- Фестиваль құтты болсын! Халқымның денсаулығы мықты болсын! Арайлы болып, думан-тойы қызық, қуанышпен атап өтсін. Елім менің гүлденіп, жайнай берсін. Адам саны мен мал басы өркендей берсін.

Қазбек Қасымов, Екібастұз қаласының тұрғыны:

- Ақынмын, бүгін ұлы тойдың ұлы қыраны болып самғап кетейін. Кешегі жоғалған дәстүрді өлеңіммен жалғап кетейін. Ұлы дала, жасап жатқан тойларың құтты болсын. Сіздерге бір шумақтатып өлеңімді арнап кетейін!

Хабар 24 телеарнасы