352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында ІТ-сыныптарға қызығушылық жоғары

  • 208

Павлодар облысының мектептерінде ашылған ІТ-сыныптарға оқушылар тарапынан қызығушылық өте жоғары.

Мәселен, Баянауыл ауданындағы Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ІТ-сыныбына шәкірттер күн сайын келеді. Мектеп басшылығы оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында робототехника үйірмесін жаз бойы өткізуге шешім қабылдапты. ІТ-сыныпта балалар теориялық білімдерін жетілдіреді. Ұстаздар ІТ-мамандықты игеріп, сабақты ағылшын тілінде жүргізу үшін дайындық курстарынан өтіп, арнайы сертификаттар алған.

Алмас Дәулетхан, ұстаз:

- ІТ-кабинеттің ашылғанына небәрі 2 ай болса да, жазғы уақытта оқушылар бос жатпау үшін сұранып, осында келіп үнемі теориялық білімдерін робототехникаға байланысты тәжірибемен ұштастыруға үлкен қызығушылық танытуда. Енді бұл кабинет Елбасымыздың жолдауында, бағдарламаларында айтылғандай, цифрландыруға өте үлкен ықпалы болатынына сеніміміз мол.

Хабар 24 телеарнасы