352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада роботтар балы өтеді

  • 230
Астанада роботтар балы өтеді Afisha.kz

Елорда әкімдігінің ресми сайты 6-12 тамыз аралығында өтетін мәдени және спорттық шаралардың апталық жоспарын ұсынады.

Астананың «Столичный», «Жерұйық», «Студенческий» саябақтары мен қаланың тұрғын үй алаптарында елорданың 20 жылдығына арналған концерттік бағдарламалар жалғасын табады. Тұрғын үй алаптарының тұрғындары «Думанды Сарыарқа» концертін жексенбіде сағат 15:00 және 19:00-де тамашалай алады. Ал елорда саябақтарында өтетін «Саябақтың жеті кереметі» концерттерін жұмыс күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін көрермен назарына ұсынылатын болады.

6-12 тамыз аралығында Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясы дайындаған «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркем сурет көрмесі, «Ақанаевтар әулеті» және С. Мүсіреповтың «Жаңа бастау» жеке көрмелері, сондай-ақ, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме жұмыс істейді. Экспозицияны сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін көруге болады.

Ал 7 тамыздан 26 қыркүйекке дейін елорда тұрғындары роботтар балының қонағы атана алады. Келушілерді Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдерден әкелінген роботтар қуантатын болады. Кештің басты қонағы – ұлыбританиялық робот гуманоид Теспиан. Күліп-жылай алатын робот қонақтармен әңгіме -дүкен құрып қана қоймай, Шекспирдің шығармаларын оқи алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, робот театрландырылған қойылымдарға да қатысқан. Ән салып, кітап оқитын техниканы «Нұр Әлем» павильонында сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін көруге болады.

Ретро әуендерді ұнататындар үшін Есіл өзені жағалауының амфитеатрында 9 тамызда сағат 19:00-де 90-жылдардың I loveAstana, Ilove 90-th концерті ұйымдастырылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, 9-12 тамыз аралығында «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде «Алпамыс» атты театрландырылған цирк шоуын тамашалауға болады. Қойылым сағат 19:30-да басталмақ.

Астана Операның камералық залында 10 тамызда сағат 19:00-де өнерсүйер қауымның назарына Музыкалық демалыс концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Сенбі және жексенбі, 11 және 12 тамызда, елорда циркінде Астана тұрғындары мен қонақтарының алдында мәскеулік «Планета 13» Никулин циркі өнер көрсетеді деп жоспарланған. Басталуы сағат 16:00-де.

Қуыршақтар театры өзінің кішкентай көрермендері үшін А.Салаевтың «Жалқаудың айласы» атты ертегісін дайындапты. Балалар қойылымды сағат 12:00-де және 14:00-де тамашалай алады.

Сонымен қатар 6-12 тамыз аралығында  елорданың спорттық нысандарында да іс-шараларды өткізу жоспарланған. Бұл күндері «Дәулет» спорт кешенінде 12 жасқа дейінгі балаларға арасында теннистен ҚР Кубогы жарыстары өтеді.

Ал Барыс-Арена спорт кешенінде 9-12 тамыз аралығында  хоккейден халықаралық ІХ турнир ҚР Президенті Кубогы аясында матчтар өтеді. Матчтар сағат 14:00-ге белгіленді.

Аптаны драг-рейсингтен Астана қаласы кубогының 4 кезеңі мен қала саябақтарында Fitness Park Astana бағдарламасы бойынша өтетін спорттық іс-шаралар аяқтайды. Жарыстар 12 тамызда өтеді. 

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы