356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі теміржол вокзалында бірқатар талап бұзылған

  • 119
Өскемендегі теміржол вокзалында бірқатар талап бұзылған

Өскемен теміржол вокзалындағы жолаушылар тасымалының басты талаптары сақталмай отыр.

Олқылықтар туралы өңірлік Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері хабарлады. Мамандар перрондардағы мүгедектерге арналған пандустар мен арнайы көтергіштердің жоқтығын анықтаған. Cондай-ақ ғимаратқа көптен бері жөндеу жүргізілмепті. Жолаушылар билетінің тапшылығы да қолдан жасалған іс екені мәлім болды.

Ренат Нәбиев, МҚІСЖІҚА облыстық департаментінің басқарма басшысы:

- Барлық тиісті шаралар мен қоғам өкілдерінің жұмысы әлі де аяқталған жоқ. Біздіңше, теміржол қызметкерлері мен билетті сатумен айналысатын алыпсатарлар арасында тығыз байланыс орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы