352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да қылмыс жасаған шетелдіктер ұсталды

  • 108
СҚО-да қылмыс жасаған шетелдіктер ұсталды

Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл басынан бері іздеуде жүрген 17 қылмыскерді ұстады.

Олардың барлығы көршілес Ресей елінің азаматтары екен. ­Өз елінде түрлі қылмыс жасап, жылдар бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып келген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаскөйлердің алтауы ұрлық-қарлықпен айналысқан. Қазір ұсталған күдіктілер жайында материалдар жинақталып, Ресейге жіберілді. 

Петр Климов, облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

- Соңғы жылдары біз ресейлік әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Екі ел полицейлері арасында ынтымақтастық орнаған. Биыл көршілес елдің тәртіп сақшылары біз іздеп жүрген 11 қылмыскерді ұстады.

Хабар 24 телеарнасы