363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 8 мыңнан астам адам алимент төлеуден жалтарып жүр

  • 158
Ақмола облысында 8 мыңнан астам адам алимент төлеуден жалтарып жүр

Баласына бөлінуі тиіс қаражатты бермейтіндердің көбісі Көкшетау қаласында тіркелген.

Мұнда сот орындаушылары 3 мың адамнан алимент өндіре алмай келеді. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері осындай 200 азаматқа әкімшілік айыппұл салынса, 3 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір бірыңғай деректер базасында 8 мың 176 адамның өндірістік ісі қарауда. Аймақтағы сот орындаушылары аталған база арқылы баласына берешегі бар тұлға жайлы және оның мүлкі мен табысы туралы барлық ақпаратты ала алады. Дегенмен тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден бас тартатындар көп. Ең сорақысы, олардың ішінде әйелдер де бар. Бүгінде осындай 700 келіншек өз баласына қарайласудан қашып жүр.

Ғалия Есмағұлова, мемлекеттік сот орындаушысы:

- Бұл әйелдер қиын отбасылардан шыққандар. Олардың көбісі аналық құқығынан айырылған. Ал балалары мемлекеттік-әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленіп жатыр. Дегенмен заң бойынша олар да алимент төлеуге міндетті. Өз міндетін өтеуден бас тартып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұдан нәтиже шығармаған ата-аналардың үстінен қылмыстық іс қозғалады. Ондай адамдарға 2 жылға дейін бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмысқа тарту секілді жазалар қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы