352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жәбірленген 7 жасар баланың ісіне қатысты тергеу аяқталды

  • 128

Түркістан облысы Абай ауылындағы жәбірленген балаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұл жөніңде Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Себебі, төрт күдіктінің үшеуі әлі 14 жасқа толмаған. Ал қолданыстағы Қылмыстық кодекс бойынша жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа қатысты айыпталғандар тек осы жастан бастап жауапқа тартылады. Қылмыстық оқиғаның анық-қанығына жету үшін бұл іс бойынша қажетті 14 сот сараптамасы мен 4 зерттеу шарасы жүргізілді. Тіпті, жәбірленуші тараптың талабы бойынша зерттеуге Ресей, Қырғызстан және Грузиядан жеке және мемлекеттік сарапшылар келген. «Қылмысқа қатысы бар күдіктілер кәмелеттік жасқа толмаған балалар екенін ескере отырып, олар туралы мәліметтер мен істің басқа да мән-жайы жария етілмейді», деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы