359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда денсаулығы сыр берген жүргізуші 7 көлікті соқты

  • 98

Бүгін Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған жеті көлікті соғып кетті.

Жол апаты Назарбаев даңғылы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында болған. Абырой болғанда, оқыс оқиға кезінде жеңіл көліктердің ішінде ешкім болмаған. Қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмауының себебін аяқ астынан денсаулығының нашарлауымен түсіндірген. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақыртылған, олар жүргізушінің сол мезетте денсаулығы сыр бергенін растады. Ал жүк көлігін сақтандырған компания зақым келген темір тұлпарлардың шығынын өтеуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, оның көлемі шамамен 5 млн теңгеге жуықтайды.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:

- Қазіргі таңда Бостандық аудандық ІІБ-ге қарасты әкімшілік тәжірибе бөлімінің қызметкерлері бұл істің өндірісіне кірісіп кетті. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалатын болады. Осы көлік апатына әкеп соқтырған деректер мен факторлер міндетті түрде осы тексеріс кезінде анықталады.

Хабар 24 телеарнасы