352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жергілікті бюджеттен қосымша 100 оқу гранты бөлінді

  • 143
Ақтөбеде жергілікті бюджеттен қосымша 100 оқу гранты бөлінді Infozakon

Ақтөбеде алғаш рет жергілікті бюджеттен 100 оқу гранты бөлінді. Облыс әкімдігі жанынан құрылған конкурстық комиссия өңірге қажетті 28 мамандықты таңдап алған.

Грант иегерлері еліміздегі 7 ірі жоғары оқу орнында білім алатын болады. Оның ішінде Ақтөбенің өзіндегі Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университет пен Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университеті бар. Жергілікті бюджет есебінен оқитындар диплом алғаннан кейін бірнеше жыл облыс аумағында жұмыс істеуге міндетті. Бұл жұмыстар өңірдегі кадр тапшылығын жою мақсатында жасалып отыр.

Айта кеткен жөн, облыста биыл мектеп бітірген түлектердің 77,2%-ы ҰБТ сынағын тапсырды. Облыс бойынша орташа балл 85,6 болып, өткен жылмен салыстырғанда 3 балға өсті. 533 түлек өту балын жинай алмай қалды.

Гүлнәз Сүлейменова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Өңірде қазіргі таңда бастауыш пән мұғалімдері, орыс мектебіндегі бастауыш мұғалімі жетіспейді. Сондай-ақ денешынықтыру мұғалімдері, математика мұғалімдері жетіспейді. Соған байланысты 51 орынды Жұбанов атындағы өңірлік университет ұтып алып отыр. Сонымен қатар медицина саласы бойынша бізде 30 орын, жалпы медицина 15 орын, резентура 15 орын бөлініп отыр. Іріктеу кезінде «Алтын белгі» иегерлеріне, жетім балаларға, мүгедек балаларға көңіл бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы