361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Білім гранттарының заңды бөлінуі қадағаланады

  • 286
Білім гранттарының заңды бөлінуі қадағаланады

Қызылорда облысы бойынша жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс аясында колледждерге 3 мыңнан астам білім гранттары бөлініп отыр.

Осы тегін оқу-ағарту жолдамаларының заңды әрі әділ бөлінуін арнайы мониторингтік топ өкілдері бақылайды. Өңірдегі 29 мемлекеттік және жекеменшік колледждердің емтихан қабылдау комиссияларының құрамына облыстық, қалалық және аудандық мониторингтік топ өкілдері енгізіліп, қазіргі таңда жұмысын бастап кетті. Топ мүшелері білім гранттарын заңсыз иелену, оқуға заңсыз қабылдау мен емтихан кезінде артықшылықтар көрсету түріндегі әрекеттердің орын алмауын жіті назарда ұстайды. Орта арнаулы оқу орындарында құжат қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізетін арнайы мониторингтік топтың жұмысы да сол мерзімге дейін созылады.

Майра Боранбаева, облыстық арнайы мониторингтік топ мүшесі:

- Қабылдау комиссияның жұмыс барысын бағдарлаудамыз. Одан кейін емтиханға қатысып, осы емтихандарға талапкерлер өз құжатымен кіргізілуін, ұйымдастырушылар атынан олардың жұмыстарына ешқандай басымдық берілмеуі. Біз осы тараптар бойынша бағдарлайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы