361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандық 1200 азамат цифрлық сауаттылық курсын тәмамдады

  • 106
Түркістандық 1200 азамат цифрлық сауаттылық курсын тәмамдады

Түркістан қаласында 1200 азамат цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша білім алды.

Олардың дені ауыл әкімдігінің қызметкерлері, дәрігерлер, сондай-ақ информатика мамандығы бойынша дәріс беретін ұстаздар. Қысқа мерзімді курстан өткен олар енді өз білімдерін ауыл тұрғындарына үйретеді. «E-gov, Open Gov және Е-Коммерция жүйелерін меңгергендер қарапайым тұрғыдағы Мекенжай анықтамасын енді өздері үйде отырып алатын болады», - дейді цифрлық сауаттылықты үйретуге бел шеше кіріскен ұйымдастырушылар.

Айтгүл Қонырова, Түркістан қаласы әкімдігінің маманы:

-Халықтың өзінің сұранысы бойынша осы қыркүйек айында тағы жоспарлап отырмыз. Осы жұмысты ары қарай жалғастыру мақсатында оқыту курстарын тағы да жүргіземіз. Көп жағдайда E-gov-ты, электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуды, онымен қалай жұмыс істеуді үйренгісі келеді.

Хабар 24 телеарнасы