352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық меценаттар ауыл тұрғындарына саябақ тарту етпек

  • 85
Қарағандылық меценаттар ауыл тұрғындарына саябақ тарту етпек

Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» аясында үлкен заманауи саябақ салынып жатыр. Жаңа демалыс орны Нұра ауданының Шахтерское ауылында бой көтермек.

Мəдениет үйінің алдындағы алаңды көркейтуге негізінен меценаттар үлес қосып отыр. Онда фонтан мен архитектуралық туындылар жəне балаларға арналған қалашық салынады. Демеушілер бұл игі іске 100 миллион теңге жұмсамақ.

Георгий Прокоп, шаруа қожалығының басшысы:

-Декоративті гүлдер де, гүлбақшалар, əртүрлі шамдар орнатылады. Оған қоса, балаларға арналған ойын алаңы тұрғызылады.

Хабар 24 телеарнасы