352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Қазақстанның үш азаматшасы ұсталды

  • 266

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та үш Қазақстан азаматшасының ұсталғанын растады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қазір олардың екеуі қамауға алынды.

Тағы біреуіне мемлекет аумағынан шығуға тыйым салынған. Олар 20 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталғандардың барлығы Тараз қаласында дүниеге келген.

Айта кеткен жөн, шілде айының соңында АҚШ-та алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 25 адам ұсталған болатын. Күдіктілердің арасында үш Қазақстан азаматшасы бар. Олар көлік саудасымен заңсыз айналысты деп айыпталып отыр.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

-Олар қымбат автокөлік сатамыз деп жарнама беріп, алдын ала ақшасын алып, байланыстарын өшіріп тастайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бір аптаның ішінде бірінші сот болады, сол кезде белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы