353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баянауылдағы әуежай құрылысы аяқталуға жақын

  • 119
Баянауылдағы әуежай құрылысы аяқталуға жақын

Павлодар облысының курорттық аймағындағы Баянауыл елді мекеніндегі әуежай құрылысы аяқталуға жақын.

Тартылған инвестициялар есебінен ұзындығы 1200 м және ені 21 м болатын қатты жабыны бар ұшу-қону жолағы салынды. Сондай-ақ жуық арада жолаққа шығу жолдары мен перрон салынып, электрмен қамтамасыз ету нысандарының және аэродромның қоршау жұмыстары аяқталады. Жолаушылардың жайлылығы үшін ауданы 200 шаршы метр ғимарат салынған. Тікұшақтың қонуына арналған екі алаң дайындалды.

Қазіргі уақытта «Қазаэронавигация» РМК-ның мамандары Баянауыл аэродромына ұшуды бақылаудың мобильді орталығын орнату бойынша жұмыстарды жүргізуде. Метеорологиялық жабдықтарды, радионавигациялық құралдарды және байланыс жүйелерін орнату шаралары да қарастырылған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі туристік маусымда Астана-Баянауыл, Алматы-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу жоспарланып отыр. Жоғарыда көрсетілген бағыттарда аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану көзделініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы