352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда дизель отыны қымбаттады

  • 249
Түркістанда дизель отыны қымбаттады kaz.caravan.kz

Түркістан облысындағы дизель отынының орташа бағасы қазіргі таңда 185-187 теңге аралығында.

«Бағаның бұлай шарықтауына бірнеше себеп бар», - дейді облыстық жанар-жағармай қауымдастығының басшысы Қайыпбек Қамбаров. Біріншіден, бағаны нарық реттейтіндіктен, сұраныстың артуына байланысты жанармай құны да жоғарылаған. Ал жанармай сататын алпауыт бекеттер бағаны қазір өздері ұсынады. Сұйық отын дегенмен жер емген диқанға, шаруаларға орта есеппен 157-158 теңгеден жеткізіліп беріліп отыр. Қазіргі таңда жанармайдың қоры облыста жеткілікті. Мәселен дизельдің орташа тұтыну қоры 35 мың тонна болса, оның 27 мың тоннасы кәсіпкерлерге тиесілі. Ал шаруа қожалық иелері үшін 12 мың тонна жанармай бөлінген. Баға өскенімен, жағдай тұрақты, - дейді қауымдастық басшысы.

Қайыпбек Қамбаров, облыстық жанар-жағармай қауымдастығының басшысы:

- Қазіргі таңда бұл баға облыс бойынша тұрақты деп есептеймін. Неге десеңіздер, осы мемлекет тарапынан бөлінген ауылшаруашылық қожалықтарына бөлінген дизель отыны өте орынды. Орташа бағамен жіберіліп жатыр. Жетіспеушілік мәселе жоқ. Түгелдей барлығы өз міндеттерін атқарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы