356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі оңалту орталығында оң өзгерістер бар

  • 459
Шымкенттегі оңалту орталығында оң өзгерістер бар

Шымкенттегі облыстық балалар оңалту орталығында оңды өзгерістер байқала бастады. Өткен жылдың соңында орталыққа 73 млн теңгеге жаңа аппарат сатып алынған болатын.

Германиядан әкелінген құрылғы туа біткеннен сал ауруына шалдыққан балалардың аяғын нық басып, жүріп кетуіне көмектеседі. Бүгінге дейін жүріп-тұруының кемістігі бар 86 бала осы орталықта ем қабылдап, жаңа аппараттың көмегіне жүгінген. Нәтижесінде 12 бала басын дұрыс ұстауды, ал 27 бала жүруді үйреніпті. Науқас балалар орталықта 18 күн бойы емделеді. Аяғына арнайы аяқ киім киіп, құрылғының көмегімен күніне 40 минут жүреді. Олардың алдында үлкен айна тұрады. Бүлдіршіндер айнадан өзін көріп жүруге талпынады. Сондай-ақ орталықта тұзды әрі булы бөлмелер жұмыс істейді. Ол балалардың миы мен жүйке жүйесінің дамуына оң ықпал етеді. Одан бөлек, массаж бөлмелері, бүлдіршіндердің жүруіне ыңғайластырылған бассейн де бар. Қазір мұнда 119 білікті маман күнделікті науқас балалармен жұмыс істейді. Орталық 100 орынға лайықталған.

Камила Шомбасова, қала тұрғыны:

-Оң қол, оң аяғының қызметі жақсарды. Қазір өзін жақсы ұстап жүр. Дәрігерлер ортопедиялық аяқ киім киюге кеңес берді, сонымен жақсы жүріп жатыр. Қолында жаттықтырып, жазу жазғанда да үнемі оң қолымен жаздырып, икемделіп жатыр.

Мариям Байжомартова, облыстық балалар оңалту орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

-Бұл аппараттың ерекшеліктерінің бірі – аяғын тік баса алмайтын баланың аяғын тік басуға, жүруге үйретеді. Баланың жүруге ынтасын оятып, құлшынысын арттырады.

Хабар 24 телеарнасы