361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі Балалар мен жастар шығармашылығы сарайына жөндеу жұмыстары басталды

  • 105
Семейдегі Балалар мен жастар шығармашылығы сарайына жөндеу жұмыстары басталды

Семейде 25 жылда жөндеу көрмеген Балалар мен жастар шығармашылығы сарайына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Қазір мәдениет ошағының кіреберісі қайта қалпына келтіріліп, ғимарат алдындағы топырақ беті тастармен жабылуда. Ал ішкі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған. Бөлмелерге пластик терезелер орнатылып, электр сымдары жаңартылған. Ғимараттың күрделі құрылыс жұмыстарына қалалық қазынадан 60 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл жұмыстар 2019 жылы да жалғасатын болады. Сондай-ақ алдағы уақытта қалалық бассейнді де күрделі жөндеуден өткізу жоспарда бар.

Қанат Шапатов, Балалар мен жастар шығармашылығы сарайының директоры:

- Бір мердігер ұйым, бұл жерде бірнеше жұмыс түрлерін жүргізуде, кіреберіс есік алдына топырақ төселіп, содан соң үсті бетондалады. Ал қалғандары ішкі әрлеу жұмыстарына кірісуде, яғни олар бригада болып жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы