359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында биылғы шомылу маусымында 11 адам суға кетті

  • 101
Ақмола облысында биылғы шомылу маусымында 11 адам суға кетті

Ақмола облысында суға түсу маусымы басталғалы бері 11 адам cуға кеткен. Оның екеуі бала.

Бұл жағдайлар Зеренді, Целиноград, Қорғалжын, Есіл, Ерейментау, Аршалы және Шортанды аудандарында болған. Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, өңірде күніне 16 мыңға жуық демалушы суға шомылады. Кәсіби құтқарушылар жаз шыққалы 100-ге жуық ересек адам мен 22 баланы аман алып қалған. Аймақтағы 200-ге тарта қоғамдық құтқарушылардың да тигізіп жүрген көмегі көп. Ашық су айдындарында еркін жүзуге арнайы үйретілген 60 ақмолалық мұғалімнің де төтенше жағдайдың алдын-алуға қосқан үлесі зор. Ал суға түсу маусымының аяқталуына әлі 20 күндей бар. Сондықтан профилактикалық шаралар жүргізіле бермек.

Олег Малюк, облыстық ТЖД бөлім басшысы: 

- Ағымдағы жылы өзен-көл жағасында спирттік ішімдік ішкен 115 адам және рұқсат етілмеген аумақтарға суға түскен 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкогольды ішімдікке сылқия тойып, жағажайда демалушыларға қауіп төндірген көкшетаулық азаматтарға да тәртіптік шара қолданылды.

Хабар 24 телеарнасы