369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да компьютерді меңгеруге ниетті аға буын өкілінің қатары артты

  • 102
СҚО-да компьютерді меңгеруге ниетті аға буын өкілінің қатары артты

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру.

Осыған байланысты ел азаматтарының басым бөлігі ақпаратты технологияларды игере бастады. Мәселен, маусым айынан бастап, тек Солтүстік Қазақстан облысында 10 мыңнан астам адам қысқа мерзімді арнайы курстан өтіп, білімдерін шыңдаған. Олардың дені егде жастағылар. Жалпы өңірде уақыт өткен сайын заман ағымына қарай компьютерде жұмыс істеуді меңгерсем дегенгендердің саны артқан. Ал бұл бағдарламаны толық игергендер бүгінде интернетті пайдалана отырып, керекті анықтамаларын үйден шықпай алуға дағдыланды.

Азамат Байтеміров, облыстық әкімдіктің бөлім басшысы: 

- Қазіргі таңда біз өмірімізді интернетсіз  елестете алмаймыз. Сондықтан оны қалай тиімді пайдаланған жөн? Қажетті анықтамаларды үйден шықпай-ақ алуға болады ма? Міне осыларды біз қарапайым халыққа үйретіп жатырмыз. Дәріс ашу курстары төрт бағыт бойынша жүргізілуде. Бұйырса, қыркүйек айына дейін біз өңірде 20 мың адамды оқытуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы