369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хан Тәңіріне аттанған экспедиция сапардан оралды

  • 106

Алматы облысындағы ең биік тау шыңдарының бірі - Хан Тәңіріне аттанған  медиаэкспедиция Талдықорғанға оралды.

Әнуар Нұрпейісов, Айсұлу Әзімбаева сияқты еліміздің жас актерлері мен актрисаларынан құралған медиа-саяхатшылар облыс орталығындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болып, аталған сапардан алған әсерлері жайлы баяндап берді. Дегенмен, олар шыңы шашақты найзадай көкке шаншылған Тәңіртауды бағындыра алмады. Әнуар Нұрпейісов 5500, ал Айсұлу Әзімбаева 6 мың метрге дейін көтеріліп қайтты. «Кәсіби спортшы болмасаң, 7 мың метрлік биік шыңға шығу мүмкін емес екен. Бірақ 21 күнге созылған бұл сапардан адам айтып жеткізгісіз әсермен оралдық» дейді экспедиция мүшелері.

Әнуар Нұрпейісов, экспедиция мүшесі:

- Бүкіл өміріме есте қалатын әсермен келдім. Өз өміріме басқаша көзбен қарауды бастадым осы экспедициядан кейін. Адамның күші қандай дәрежеге жететініне өзімнің көзім жетті.

Хабар 24 телеарнасы