369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысының тау бөктеріндегі өртті сөндіруге МИ-171 тікұшағы тартылды

  • 104
Жамбыл облысының тау бөктеріндегі өртті сөндіруге МИ-171 тікұшағы тартылды

Жамбыл облысының құтқарушылары екі тәуліктен бері өртпен арпалысып жатыр.

Тілсіз жау Қырғызстанның таулы аймағынан басталып, Жамбыл ауданындағы тау бөктеріне дейін жеткен.

Естеріңізге сала кетсек, 5 тамыз күні түс ауа Ақыртас ауылдық округіндегі құрғақ шөптің тұтануынан қызыл жалын 200 гектар таулы аймақты шарпыған болатын. Өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 18 техника жұмылдырылды. Арасында ерікті өрт сөндірушілер де бар. Сондай-ақ Алматыдан «Қазавиақұтқару» мекемесінің су құятын құрылғысы бар МИ-171 тікұшағы келіп, өрт шыққан аумаққа су бүркіп жатыр. Өкінішке қарай, осы өрт кезінде Ақыртөбе орман шаруашылығының орманшы-қорықшысы Асылбек Алтаев есімді 46 жастағы азамат жартастан құлап ажал құшты.

Хабар 24 телеарнасы