352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері 4,5 мың телефон ұрланған

  • 253
Жыл басынан бері 4,5 мың телефон ұрланған

Елімізде ұялы телефон ұрлығы күрт көбейген.

Еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда 4,5 мың байланыс құралы қолды болған. Полицейлер: «мұндайлардың ізіне түсу көп жағдайда мүмкін емес», – дейді. Сондықтан жыл соңына дейін еліміздегі барлық байланыс құралдарын тіркеу туралы шешім қабылданған. Ал тізімге алынбаған абоненттерге операторлар мүлдем қызмет көрсетпейді. Бұдан бөлек ломбардтардың жұмысы да жіті тексерілетін болады. Енді ломбард қызметкерлері құнды зат өткізуге келген адамдардың барлығын суретке түсіріп, жеке құжаттарының көшірмесін алады. Бұл қадам, әсіресе, әшекей бұйымдарды қолды қылатындардың жолын кесуі тиіс. Ал көлік бөлшектерін ұрлайтындармен күресте Ресей елінің тәжірибесі қолданылмақ.     

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Соңғы жылдары Қазақстан мен Ресейде көлік ұрлығы өршіп кетті. Сұғанақтар қолды қылған көліктерді шекаралас елдерге апарып сататын болды. Мәселен, соңғы 5 жылда Қазақстанда ұрланған 20 автокөлік Ресей елінің аумағынан табылған. Ал көрші мемлекеттен қолды болған 144 көлікті Қазақстаннан анықтадық. Мұндай қылмысты болдармау үшін екі елдің тәртіп сақшылары бірлесіп, арнайы келісімге қол қойды. Бұдан былай қос мемлекет өзара ақпарат алмасып, ұрылармен күресудің озық тәсілдерін жіті меңгеретін болады.

Хабар 24 телеарнасы