369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамандар: Семей полигонында 50 мың текше метрге жуық радиациялық қалдықтар бар

  • 130
Мамандар: Семей полигонында 50 мың текше метрге жуық радиациялық қалдықтар бар

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі әлемнің беделді ғалымдары Алматыда бас қосып, жиырма жылдық жұмыстарын қорытындылады.

Олар әрбір екі жыл сайын кездесіп, ядролық сынақтарды бақылайтын халықаралық жүйенің жұмысын тексеріп тұрады. Осыдан екі жыл бұрын қазақстандық станса Солтүстік Кореяда жасалған ядролық сынақты бірінші болып тіркеген еді. Бұл ақпарат лезде Ядролық сынауларға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымына кіретін барлық халықаралық орталықтарға таратылған болатын. Бұған қоса ғалымдар ядролық полигондар мен радиация тараған аудандарда зерттеу жүргізіп келеді. Кейбір мәліметтерге жүгінсек, бүгінде Семей полигонында тез арада жоюды қажет ететін 50 мың текше метрге жуық радиациялық қалдықтар бар.

Қалдыбек Дөңбаев, геофизикалық зерттеулер институтының бас директоры:

- Радиациялық қауіп төндіретін заттар негізінен жойылған. Кейбір кішкентай аудандарда қалған. Олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Мамандандырылған ұйымдар радиациялық заттардың қал-күйін бақылап отырады. Бүгінгі күнде олардың халыққа келтіріп жатқан зияны жоқ.

Хабар 24 телеарнасы