369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада роботтар балы өтіп жатыр

  • 128

Енді елордадағы «Нұр әлем» павильонында алдағы екі ай бойы роботтар балын тамашалауға болады.

Ерекше шарада әлемнің әр қиырынан әкелінген құлтемірлер өнер көрсетеді. Жасанды интеллектпен жабдықталған қондырғылар үздіктердің үздігі. Олар сурет салады, би билейді, ән шырқап, шахмат ойнайды, тіпті, адаммен еркін диалог қалыптастыра алады. Яғни АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропа елдерінен ұзын-саны 30-ға жуық роботтың қай-қайсысы да таңдай қақтырады.

Айта кетейік, шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бір күннің ішінде оны 600-дей тұрғын тамашалап үлгерген.  

Субхон Зиябаев, ұйымдастырушы:

- 2015 жылдан бері роботтар балымен әлем елдерін аралап келеміз. Өткен жылы Ресейдің бірнеше қаласы мен Балтық теңізі жағалауының елдерінде болып қайттық. Біздің роботтар «Нұр әлем» павильонындағы жаңа технологиялы жабдықтармен үйлесін тапты. Көрме екі ай бойы жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы