352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда 16 мыңнан астам ірі қараға чип салынған

  • 108

Маңғыстаулық шаруа қожалығы жетекшілері 16 мыңнан астам ірі қараға электрондық чип салды.

Төрт түлік иелерінің инновациялық әдіске жаппай көшуіне мал ұрлығының тыйылмауы түрткі болған. Мәселен, өткен 6 айда 30 қылмыстық дерек тіркелді. Тері астына енгізілетін цифрлық құрылғы мұндай заңбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мал иесін тез табуға да септігін тигізеді. Өңірде соңғы 3 жылда қараусыз жүрген түліктің кесірінен 14 жол апаты болған.  Соның салдарынан 12 адам қаза тауып, 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алған.

Әйгерім Ибатуллаева, облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

- Полицейлер қараусыз жүрген түлік иесін іздеуге көп уақыт жұмсайды. Электрондық чип түлік иесін тез анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылығы, мал ұрлығымен тиімді күресуге жол ашады. Өңірде, әсіресе, жылқы ұрлығы азаймай отыр. Бүгінде облыс бойынша 75 мыңға жуық жылқы бар. Олардың 15 мыңнан астамына электронды чип салынған.

Хабар 24 телеарнасы