352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында көпір пайдалануға берілді

  • 126

Заманында сауда-саттық пен мереке-думанның мекеніне айналған әйгілі Қоянды жәрмеңкесіне биыл 170 жыл толды.

Қарқаралы жұрты осынау күнді сән-салтанатымен ел болып атап өтті. Мерейтойға орай концерттік бағдарлама, спорт түрлерінен жарыс және бәйге ұйымдастырылды. Сондай-ақ бұл күні Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті бағытындағы күре жолдың бойында орналасқан көпір көпшіліктің пайдалануына берілді.

Айта кетейік, 2015 жылы Талды өзенінің үстінен өтетін нысан су тасқыны кезінде қатты зақымданған болатын. Бұл жағдай Қоянды елді мекенінің тұрғындарын біраз әбігерге салған еді.  Ұзындығы 70 метрден асатын көпірді қалпына келтіру жұмыстары 2017 жылдың мамыр айында басталды. Құрылыс «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Мердігер компания 5 жылға дейін кепілдік беріп отыр. Қандай да бір ақау шыққан жағдайда, құрылыс жүргізген серіктестік жөндеу жұмыстарын өз есебінен жүргізеді.      

Әскербек Халтонов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Бұл көпір бізді Егіндібұлақ мекенімен жалғастырады. Халық зардап шегіп, екі жыл қиналып, су тасығанда айналма жолмен жүріп, қиындыққа душар болды. Республикалық бюджеттен осы көпірді салуға 550 миллион теңге бөлінген болатын. Мердігер 450 миллионға ұтып алып, екі жылдың ішінде салып болып, елдің игілігіне тапсырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы