352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде соңғы екі аптада сыбайлас жемқорлыққа қатысты 61 дерек тіркелді

  • 140

Бұл туралы жауапты орган өкілдері мәлімдеді. Естеріңізде болса, таяуда Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі жемқорлығы үшін қамауға алынған болатын.

Тергеу барысында оның жеке мекеме өкілінен 200 мың теңге пара алғаны анықталды. Сондай-ақ Жамбыл облысы жер пайдалануды бақылау басқармасы басшысының үстінен де 2 миллион теңге пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ол шаруа қожалығының иесімен жалпы аумағы 24 гектар алқапты мемлекет меншігіне қайтармау жөнінде заңсыз келісім жасасқан.

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚА ресми өкілі:

- Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық кірістер департаменті лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетін әшкере етті. Тергеу барысында сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер 2016-2018 жылдар аралығында «Майқапшағай» кедендік бекетінің бас маманы мен облыстық кірістер департаментінің аға офицеріне жүйелі түрде пара беріп келген. Сол арқылы теріс пиғылдылар Қытайдан Қазақстанға жалпы сомасы 40 мың доллардың тауарын еш қиындықсыз өтуін қамтамасыз еткен.

Баспасөз мәслихатында қылмыстық із-кесуден бой тасалап жүргендер жайлы да әңгіме болды. «Олардың жауапкершіліктен қашып, елді мекендер арасында еркін қатынауына теміржол билеттерін алып-сатарлар кінәлі», - дейді мамандар. Сол арқылы қылмыскерлер кез келген мекенжайға еш қиындықсыз жете алады. Сәйкесінше, билет құны нарық бағасынан 50%-ға қымбат болады. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арнайы «Адал жол» атты жобалық кеңсе жұмысын бастап, жауапты сала мамандарымен заңсыз деректерді болдырмауды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы