352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында созылмалы ауруларды бақылаудың жаңа бағдарламасы енгізіле бастады

  • 104
Атырау облысында созылмалы ауруларды бақылаудың жаңа бағдарламасы енгізіле бастады

Мұнайлы өңірде созылмалы ауруларды бақылаудың жаңа бағдарламасы енгізіле бастады.

Өткен жылы жаңа үрдіс Атырау қаласындағы үш емдеу орнында қолға алынған болатын. Биыл оған алыс аудандар да қосыла бастады. Нәтиже де жаман емес. Өткен жылдарға қарағанда ауруын асқындырып барып, дәрігердің көмегіне жүгінушілер саны екі еседей азайған.

Созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы Атырауда былтырғы жылдың күз айында қолға алынған еді. Оған қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы секілді созылмалы науқастардан зардап шегіп жүрген 296 науқас қатынасты.

Мәншүк Аймұрзиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Науқастардың өз ауруын басқаруға сонымен қатар өзіне алғашқы көмектер көрсетуге, емханалардан басталып жатқан жаңа инновациялық технологияларды жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен арнайы дәрігерлер бірігіп, науқастың мүддесін қорғауға және сапалы өмір сүруге жағдай жасау.

Жаңа бағдарламаның басты артықшылығы: дәрігерлер әрбір науқасты жеке бақылайды. Сондай-ақ созылмалы дертпен күресу және өз саулығын үй жағдайында бақылаудың «әліппесін» үйренеді. Соның арқасында бағдарламаны қолға алған емханаларда науқастар саны екі есеге азайған.

Галина Долгова, Атырау қаласының тұрғыны

-Ризамын. Себебі мен өзіме деген шынайы ықыласты, дәрігерлік бақылауды сезіндім. Ай сайын сынама тапсырғанда ағзамда қандай өзгеріс болғанын біліп отырамын. Сол арқылы үйден де ем қабылдаймын.

Мұнайлы өңірде қант диабеті, жүрек қан тамырплары мен қан қысымының жоғарылауынан 35 мыңдай адам зардап шегуде. Оның 8%-ы аталған бағдарламаға енуге өтініш білдіріпті. Жаңа үрдіспен ем қабылдаушылар саны алға қарай да артатын болады. Себебі биылғы жылдың аяғына дейін облыс бойынша 12 емхана осы бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады. Ол үшін арнайы курс ашылып 250 дәрігер мен орта буын қызметкерлер қайта дайындықтан өткізілді.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы