369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізден сыртқа қос бағытта жүк пойыздары қатынайды

  • 132
Елімізден сыртқа қос бағытта жүк пойыздары қатынайды

Қазақстаннан екі бағыт бойынша маршрутты жүк пойыздары шығарылмақ.

Оның бірі тікелей Ауғанстанға, екіншісі Орта Азия елдеріне жөнелтіледі. Жаңа бағыт әсіресе күз маусымында туындайтын жүк вагондарының тапшылығын жоюға сеп болады. Былтыр еліміздің бірнеше аймағында жүк вагоны жетіспеді. Мысалы, бір ғана Қостанай облысында бидай тасымалдау үшін 4 мың вагон қажет болса, соның төрттен бір бөлігі ғана орындалды. Ал, тасымалдау  компаниясы өкілдері бұл кезде «елімізде вагон тапшылығы жоқ» деп мәлімдеген еді. Мәселенің түйіні қолда бар көлік-құралдарды тиімсіз пайдаланудан туындап отыр дейді сала мамандары.

Қайрат Сүлейменов, көлік-логистикалық компаниясы директорының орынбасары: 

- Біздің есебіміз бойынша, әрбір жабық вагондарға айына екі рет жүк тиелуі тиіс еді. Әр он бес тәулік аралығында олар оралып келуі қажет болатын. Ал нақты іс жүзінде бұл мерзім 35 тәулікке дейін созылып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы