369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік қызметшілерді оқытуда жіберілген бірқатар олқылық анықталды

  • 119

Мемлекеттік қызмет саласындағы қызметкерлерді оқыту мен тағылымдамадан өткізу кезінде бірқатар олқылық анықталды.

Сондай-ақ конкурстарға байқаушылар мен сарапшылардың қатыспауы, меритократия қағидатының сақталмауы сияқты бірқатар кемшілік те бар. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жиында айтылды. Жиналыс барысында мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтерді электронды түрде көрсету жұмыстарын белсенді жүргізу тапсырмасы қойылды. Сондай-ақ қызметшінің міндеті мен оларға қойылған талаптарды қатаң сақтау қажеттігі сөз болды.

Жазира Жылқышиева, қалалық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы:

- Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру Елбасының 100 нақты қадам Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы, өздеріңіз білесіздер. Бірінші 15 қадам ол мына кәсіби мемлекеттік аппаратты құру болып табылады. Соның ішінде 2016 жылдан бастап жаңадан мемқызмет туралы заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң және әдеп кодексі жаңадан қабылданып, енді айтатын болсақ, 2,5 жылдан бері осы заңдармен біз жұмыс істеп келе жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы