352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда кардиологтарға арналған шеберлік сабақтары өтті

  • 89
Қостанайда кардиологтарға арналған шеберлік сабақтары өтті

Тегін ұйымдастырылған дәріс барысында мамандар ультрадыбыстық зерттеудің жаңа әдістеріне қанықты.

Сондай-ақ, облыстық кардиология орталығына соңғы үлгідегі жабдық әкелінді. Бұған дейін Қостанайда мұндай жоғары сапалы құрылғы болмаған еді. Жаңа жабдық дәрігерлердің мүмкіндігін кеңейтпек. Дәрігерлердің көздегені - қан айналым жүйесі ауруларынан туындайтын өлім-жітім көрсеткішін төмендету. Өңірде жүрек аурулары өршіп тұр. Оның бір себебі дер уақытында диагноз қойылмауында.

Дмитрий Лобков, облыстық кардиология орталығының директоры:

- Қостанайлық кардиологтар да енді жүрек ауруларын емдеудің заманауи тәсілдерін меңгеретін болады. Бұл сырқат белгісін уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы арқылы көптеген жүрек ауруларының алдын аламыз. Ол өз кезегінде өлім-жітімді азайтуға ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы