352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында «Туған жер» бағдарламасы бойынша 20 нысан бой көтереді

  • 164

Алматы облысының Сарқан ауданының кәсіпкерлері «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатыр.

Олар спорт алаңқайлары мен шағын футбол алаңдарын, фитнеске арналған залдар, ардагерлер үйін және ауыл мешітіне тиісті ғимараттар салып беруде. Аудан орталығы Сарқанда стритворкаут алаңы пайдалануға берілді. Алдағы уақытта бұл қалада осындай үш нысан тапсырылады. Бизнес қауымдастық өкілдері салауатты өмір салтын ұстануға арналған әлеуметтік нысандармен қатар, саябақтарды абаттандырып, ауылды көркейтуге өлшеусіз үлес қосқан жерлестеріне еңселі ескерткіштер қоюда. Аудандық ішкі саясат бөлімі жақында «Жерлестер» форумын өткізіп, кәсіпкерлермен «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқылады. «Дені сау ұрпақ өсіріп, оларға жақсы тәрбие беру біздің ең басты міндеттеріміздің бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамытуға арналған жаңа нысандарды салу жұмыстары шалғай ауылдарда одан ары жалғаса беретін болады», - дейді аудандық ішкі саясат бөліміндегілер.

Альбина Жұмабек, оқушы:

- Кешкісін келіп, спортпен шұғылданамыз. Көп балалар келеді кешке таман. Каникул болғандықтан қазір мектепте шұғылдана алмайсың. Сол себепті жазғы кездерде осы жақта шұғылдануға болады.

Дамир Қайыпов, Сарқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- «Туған жер» бағдарламасы аясында биыл біздің ауданда 20 жоба жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Соның ішінде қазір жүзеге асып жатқаны ардагерлер үйі салынды. Одан бөлек біз басқа ауылдарда Қарашыған, Көктерек ауылдық округінде жастарға арналған спорт алаңдарын, одан кейін мына Лепсі ауылында жақында ғана кәсіпкеріміз 8 млн теңгеге күреске арналған заттар алып келді. Сондай-сондай жобалар біздің ауданда жүзеге асып, «Жерлестер» форумында талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы