369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстандық брендтер» атты кітаптың екінші саны жарық көрді

  • 128

Еліміздің үздік экспортерлары туралы мәлімет жазылған еңбек 2 мың тиражбен басылып шықты.

Және биылғы саны елорданың 20 жылдығына арналды. Туынды ағылшын және орыс тілінде. Сол арқылы шетелдік инвесторлар отандық бизнес өкілдері туралы кеңінен мағлұмат ала алады. Басылым авторларының айтуынша, Қазақстанның болашақта органикалық өнімдер өндіретін ел атануға мүмкіндігі жеткілікті. Сондықтан бұл кітапта осы саладағы кәсіпорындарды таныстыруға басымдық беріліпті.

Әлімжан Тоқтасынов, Инвестициялар және даму министрлігі департаментінің басшысы:

- Біздің етіміз, жемістеріміздің сапасы жоғары. Соны нығайту үшін, басқа да шикізат емес, тауарларды таныту үшін жұмыс жасау керек. Ең бірінші соны таныстыру керек.

Хабар 24 телеарнасы