352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі

  • 129
Астанада тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі

Қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда мамандандырылған мектеп формасы мен соған жататын бұйымдардың сатылымы өтеді. 

Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілер мен кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Олар жаңа оқу жылының қарсаңындағы «Мектепке жол» республикалық акциясының шеңберінде өткізіледі.

Өтетін орны: Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң.

Өтетін күндері: 11-12, 18-19 және 25-26 тамыз, 2018 жыл, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11, мекенжайындағы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан 55-74-03 тел. арқылы алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы