352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Электронды еңбек биржасына жұмысқа орналастырудың топтық жүйесі енгізіледі

  • 165

Енді жұмыс берушілерге бір емес, 4-5 адамнан тұратын команданы қызметке алу туралы ұсыныс жасалады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай ұсынысқа келіскен компанияларға бюджеттен ақша төленеді. Сонымен қатар ведомство жұмыс берушілерге әр қызметкердің еңбек кітапшасын электронды форматқа ауыстыруға кеңес беріп отыр. Жақында бұл құжаттарды сақтайтын қор ашылды. Мұндай жаңашылдық тараптар арасындағы байланысты жеңілдетуі тиіс.

Нариман Мұқышев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Біз үшін барлық азаматтың жұмысқа орналасқаны өте маңызды. Осы орайда министрлік электронды еңбек биржасына топтамалық жүйе бойынша жұмысқа орналастыру бағдарламасын енгізіп отыр. Мысалы біз бұған дейін жұмыс таба алмаған бірнеше адамды бір топқа біріктіретінбіз. Осы жүйе бойынша компанияларға ұсынамыз. Шартты орындаған жұмыс берушілерге қаражат төленеді.

Хабар 24 телеарнасы