363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының елді мекендеріне «ақылды» шамдар орнатылып жатыр

  • 112
Түркістан облысының елді мекендеріне «ақылды» шамдар орнатылып жатыр

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында бағаналар орнатылып, көшелері жарықтандырылған елді мекендер саны артып келеді.

«Туған жер» бағдарламасының аясында Бәйдібектік азамат Оралбек Ботбай ауылдастарына арнап өз қаржысына «ақылды» шамдарды көше бойына қаз-қатар орнатып берді. Аудан орталығы Шаян ауылындағы Мұхтар Әуезов көшесінде ұзындығы 3 шақырымнан астам жолдың бойына 77 бағана орнатылып, жарық шамдар жарқырап тұр. Көше шамдары 14 функцияны қатар атқара алады. Мәселен ұялы телефонды қуаттау, Wi-fi тарату, көшедегі көлік қозғалысын бейнебақылауға түсіру сынды қызметтері бар. Тағы бір ерекшелік, бұл көше шамдары қараңғылық пен жарықты автоматты түрде сезініп, күн райына қарай қуат беру мөлшерін өздігінен реттеп отырады. Нәтижесінде 75% энергия қуаты үнемделетін болады.

Хабар 24 телеарнасы