369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылады

  • 681
Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылады Informburo.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Денис Теннің атына мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр.

Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Жобаны іске асырумен қалалық әкімдік айналысады. Отбасы мүшелерімен бірге арнайы комиссия құрылып, кәсіби мүсіншілердің арасында байқау ұйымдастырылады.

Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Денис Теннің атына мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар арнайы қоғамдық қордың тіркелу жұмысы жүріп жатыр.

«Құрметті Денистің достары мен жанкүйерлері! Денис Теннің отбасының атынан барлық қазақстандыққа осындай қиын кезеңде бізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын! Бұл уақыт аралығында Денисті мәңгі есте қалуы үшін көптеген ой мен ұсыныс айтылды. Мемлекеттік органдармен бірге мұндай жұмыс басталып кеткенін қоғамға айтқым келеді. Денистің жобасын іске асыру үшін қазір арнайы қоғамдық қорды тіркеу жүріп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің басшылығымен кездесуде бірқатар ұсыныс айттым. Оның барлығы қолдау тапты», - деді марқұмның анасы Оксана Тен.

Алматы қаласы әкімдігі Денис Тенді еске алу үшін жыл сайын мәнерлеп сырғанаудан Халықаралық турнир өткізу міндетін алды деп хабарланды.

«Сонымен қатар әкімдік Денис туып, өмір сүрген үйге еске алу тақтайшасын қоюға және Денис туралы кітаптың басылымына көмектесуге уәде берді. Қазір Денистің достарымен бірге кітапқа мәлімет дайындап жатырмыз. Біраз уақытта Денис Тенге арналған қор кеңсесінің мекенжайын хабарлаймыз. Бізге қазір қандай да бір көмек көрсетіп жүрген жандарға алғысымыз шексіз! Денистің идеялары жүзеге асатынына сенімдімін!», - деп жазды Оксана Тен.

Хабар 24 телеарнасы