359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семей тұрғындарына жылу ақысы қайта есептеледі

  • 116

Кейбір семейлік тұрғындарға жылу ақысы қайта есептеледі.

«Жылукоммунэнерго» мемлекеттік мекемесі абоненттерге 1,5 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарады. Бұл тек есептегіш құралдары орнатылмаған көпқабатты үйлерге қатысты шара. Арнайы жабдықтар жалпы үйлердің 13%-ында жоқ болып шыққан. Қайта есептеу жылу маусымы басталған кезде түбіртекте көрсетіледі. Шаһарда жылуға берешегі барлармен де күрес қарқынды жүріп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша қала тұрғындары коммуналдық мекемеге 300 миллион теңге қарыз.

Жұман Мусин, «Жылукоммунэнерго» МҚК бөлім меңгерушісі:

-Біздің қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 87%-ында есептегіш құралдар орнатылған. Олар қанша жылу тұтынса, нақты сол көрсеткішке сай ақы төлейді. Ал ондай жабдықтары жоқ тұрғындарда аз-кем ауытқулар болуы мүмкін. Біз соларға қайта есеп жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы