359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Возрождение аралын зерттеу жұмыстары жүргізіледі

  • 127

Кезінде сынақ алаңы болған Возрождение аралы шаруашылық айналымына енгізіледі.

Ол үшін 2018-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарлама әзірленді. Оны жүзеге асыруға 11 мемлекеттік орган тартылады. Сондай-ақ аралдың қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында эпидемиологиялық зерттеу жүргізілмек. Соңғы рет мұндай жұмыстар 13 жыл бұрын жүзеге асырылған. Айта кетейік, соңғы 30 жылда арал аумағында қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмеген.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Бұл мәселеге қазір Үкімет тарапынан үлкен мән беріліп жатыр. Назар бөлініп жатыр. Біздің органдар да осы мәселемен айналысып, өзіміз кешенді түрде 3 жылға арналған жоспар дайындадық.

Хабар 24 телеарнасы