356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда екі қылмыстық топ қолға түсті

  • 240
Оралда екі қылмыстық топ қолға түсті

Орал қаласында криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында тамыз айының басынан бері 2 қылмыстық топ қолға түсті.

Оның біріншісі ұзақ уақыт бойы адам тонап, ұрлықпен және алаяқтықпен айналысып келген. Қамауға алынғандардың күні бүгін 22 қылмысқа қатысы бары анықталып отыр. Ал екінші қылмыстық топ пәтер ұрлаумен шұғылданған. 26 және 24 жастағы екі күдіктінің үстінен 10 эпизод бойынша тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Ибрагим Жүсіпқалиев, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Оның біреуі ауыр қылмыс санатына жатады. Яғни жәбірленушіге 3 миллионнан аса материалдық шығын келген. Бүгінгі күні 2 күдікті де тергеу изоляторында қамауда отыр. Қолға түскен 2 топ мүшелеріне қатысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы