352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда билетсіз жолаушыларды тасымалдаған жолсеріктер қатаң сөгіс алды

  • 147

Атырауда билетсіз жолаушыларды заңсыз тасымалдаған жолсеріктердің ісі талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, теміржол бойында жолсеріктер тарапынан орын алған берекесіздіктер туралы біздің арнамыз мәселе көтерген болатын. Осыған орай құзырлы органдар тиісті шара қолданып, жазықтыларды жауапкершілікке шақырды. Сондай-ақ басқосуда жолаушылар тасымалындағы проблемалар да айтылды. Бүгінде Атырау телімінде 134 жолаушылар  вагоны бар. Оның дені ескірген. Көбінің техникалық жағдайы сын көтермейді. Осыған орай жауаптылар жаңа вагонға қол жеткізуді ойластырып жатқандарын айтады. Енді жолаушылар тасымалындағы жұмыстар қатаң түрде тексеріліп, жиі-жиі рейдтер ұйымдастырылмақ. 

Жақсығали Іздібаев, облыс бойынша КБИ теміржол бақылау бөлімінің басшысы:

- Билет сатуда халық арасында реніштер туып жатыр. Біріншіден, Атырау облысы бойынша Алматы және Астана бағытын алатын болсақ, құрамымыз күнара жүреді. Бұрын күнде жүретін еді. Ол да бір зиянын тигізіп жатқан сияқты. Екінші жағынан, жолсеріктердің де заң бұзушылықтары бар.

Хабар 24 телеарнасы