352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қорғалжын ауданына 90 жыл толды

  • 271
Қорғалжын ауданына 90 жыл толды

Ақмола облысының Қорғалжын ауданына 90 жыл. Бұл өңір әлемге өзінің табиғи қорығымен танымал.

Бұл жердің өзге жерден артықшылығы, түрлі аң-құстармен қатар күлгін қоқиқаздар мекендейді. Ауданның мерейтойына орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бір шетте көкпар өтіп, жиылған жұрттың делебесін қоздырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жөндеуден өткен жергілікті стадионда Қорғалжын жайлы түсірілген фильм жұрт назарына ұсынылды.

Бөлеген Тыныбеков, облыс тұрғыны:

Қорғалжынды Шоқан Уәлиханов зерттеген. Жердің, судың атын зерттеп, сол музейге кіргізіп, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи мұрасы тізіміне енгізген.

Хабар 24 телеарнасы